Алматыда жер сілкінді
Бүгін сағат 21:22-де Алматыда жер сілкінді. Жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым жерде болды,- деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Оңтүстік мегаполисте жер сілкінісінің қарқыны 2 баллды құрады. Ал Алматы мен Жетісу облыстарында 3- 4 балл. Жер сілкінісіне байланысты Жетісу облысы ТЖД тұрғындарға арналған жедел желіні іске қосты.