Павлодарда «Таза vibe» жастар экофлешмобы өтті
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодарда «Таза vibe» атты жастар экофлешмобы өтті.
Белсенді жастар айналаны қоқыстан тазартып, экологиялық акцияға атсалысты. Шара барысында экологиялық ойындар ұйымдастырылып, «Экология объективте» атты фото және бейнебайқау өтті. Көрмеге қойылған жұмыстарда өңірдегі өзекті экологиялық мәселелер көрсетілді.
Русана Сулаймонова, «Жасыл ел» павлодар облыстық штабының директоры:
- Барлық қатысушыларымыз бүгін эстафетаға қатысатын болады. Бұл эстафета тек спорттық бағытта ғана емес, сонымен қатар экологиялық бағытта да өтеді. Қатысушылар жылдамдық бойынша сайысумен қатар, түрлі экологиялық сұрақтарға жауап беретін болады. Одан кейін фото және бейнеролик байқаулары ұйымдастырылады. Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталатын болады.
Наталья Зинченко, фотобайқауға қатысушы:
- Мен байқауға Баянауылдағы экологиялық мәселеге қатысты сурет ұсындым. Көпшілік демалушы ағаштарға майлық пен маталарды байлап кетеді. Бұл сырттай әдемі көрінбегенімен ағаштарға да зиян келтіреді.