Студенттерге мемлекеттік қызметтің жаңа мүмкіндіктері таныстырылды
Алматыда өткен кездесуде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Президент жақында қол қойған жаңа заңның негізгі өзгерістерін түсіндірді.
Ондағы басты жаңалықтың бірі – жастарды қолдау. Енді диплом көрсеткіші жоғары түлектер, мемлекеттік қызметтің бастапқы лауазымдарына конкурстық тестілеуден өтпей-ақ орналаса алады. Бұл елді мекендерде, аудандарда және облыстық маңызы бар қалалардағы бос қызмет орындарына қатысты мүмкіндік. Кездесуде студенттерге, жастар кадрлық резерві туралы да мәлімет берілді. 2024 жылы алғаш рет Өңірлік жастар кадрлық резервіне іріктеу жүрді. Нәтижесінде резерв құрамына 550-ге жуық жас кірді. Бұл бастама талантты әрі белсенді жастардың мемлекеттік қызметке келуіне жол ашады.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
- Бірінші мүмкіндігі мынау жақсы gpa көрсеткішімен жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектер ауылдық, аудандық, облыстық маңызы бар қалаларға конкурс тест тапсырмастан тікелей барып, тағайындалуға мүмкіндіктер берді. Яғни өзінің болашақта елге халыққа қызмет етемін деген жастар қазір тікелей барып, мемлекеттік қызметке сол төменгі лауазымнан бастап өзінің мансатық өсуін жалғастыруға мүмкіндіктер беріп отырмыз.