Қазақстанда балалар тегін ұша алады: бағыттар аталды

Фото: depositphotos.com

Елде отбасылық туризмді дамытуға бағытталған Kids Go Free бағдарламасы жалғасып жатыр. Бағдарлама аясында еліміз ішінде демалатын отбасылар үшін балалардың әуе билеттері тегін қарастырылған. Жоба ішкі туризмді дамыту және отбасылық саяхатты қолжетімді етуге бағытталған. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлім етті, деп хабарлайды «24KZ».

Ғазизовтың айтуынша, бағдарлама штаттық режимде жұмыс істеп тұр, бөлінген қаражат толық игерілген.

Қазіргі таңда Kids Go Free бағдарламасы штаттық режимде жұмыс істейді, барлық қаражат бөлінді. Белсенді жұмыс істеп жатқан туристік операторлар бар. Бүгінге дейін 100-ден астам бала осы қызметті пайдаланды, – деді ол.

Бағдарлама аясында туроператорлар Алакөл, Бурабай және өзге де ішкі курорттарға бағытталған турпакеттерді ұсынады. Ата-аналар демалыс орнын өз қалауына қарай таңдай алады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз