Борышкерді үйінен шығаруға он күн беріледі
Енді сот орындаушылары борышкерлерді тұрғын үйден шығару туралы хабарламаны кемінде 10 күн бұрын беруге міндеттеледі.
Ал қазір бұл мерзімді сот орындаушысы өзі белгілеп, үйден шығару туралы талап тіпті бір күн бұрын берілуі мүмкін. Осы аралықтың ұзартылуы азаматтың басқа баспана табуына мүмкіндік бермек. Сенат мақұлдаған Сот орындаушылардың жұмысы туралы заңда бұл жайында нақты норма енгізілді. Сонымен қатар құжат азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуді, атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруді, сот орындаушылардың кәсіби деңгейі мен жауапкершілігін арттыруды көздейді.