Таразда этно-тарихи кешен аумағы ретке келтірілді

Тараздағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені аумағынан бес тонна қоқыс шығарылды. 

Экологиялық акцияға 200-ге жуық ерікті мен жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Олар 17 гектар аумақты тұрмыстық қалдықтан тазалады. «Тектұрмас» – Жамбыл облысындағы туристер жиі баратын тарихи орындардың бірі. Сондықтан кешен аумағын таза ұстауға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері жастар ресурстық орталығының белсенділері 500-ге жуық экологиялық шара өткізіп, саябақтар мен қоғамдық орындарды ретке келтірген.