Тараздағы этно-тарихи кешен аумағы ретке келтірілді

Тараздағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені аумағынан бес тонна қоқыс шығарылды. Экологиялық акцияға 200-ге жуық ерікті мен жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Олар 17 гектар аумақты тұрмыстық қалдықтан тазалады. «Тектұрмас» – Жамбыл облысындағы туристер жиі баратын тарихи орындардың бірі. Сондықтан кешен аумағын таза ұстауға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері жастар ресурстық орталығының белсенділері 500-ге жуық экологиялық шара өткізіп, саябақтар мен қоғамдық орындарды ретке келтірді.

Айбек Қадірәлиев, Жастар ресурстық орталығының директоры:

- Жылдың басынан Қарахан мазарынан бастау алдық. Таза Қазақстан экологиялық акциясы Жасыл ел жасағының ашылу салтанатын бастадық және Тараз қаласындағы барлық жерлердегі Айша бибі кесенесі, «Тектұрмас» этно кешенінде, Қарахан мазарында, арнайы тарихи ескерткіштерде жеке бөлек өзіміз экологиялық акция аясында сенбілік жұмыстарын жүргіздік.