Әскери казармаларда жасанды интеллект деректерге талдау жүргізеді

Фото: depositphotos.com

Әскери казармалар толықтай бейнебақылау камераларымен қамтылады, деп хабарлайды «24KZ».

Қорғаныс министрлігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар аясында жұмыс істеп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді.

– Бізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың кешенді жоспары бар. Биыл жыл соңына дейін не келесі жылға дейін барлық казармаға бейнебақылау орнатылады деп ойлаймын. Сонымен бірге, жасанды интеллект енгізіліп, ол деректерге талдау жүргізеді, – деді Асқар Мұстабеков.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз