Бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген: Алматыда қылмыстық іс қозғалды
Алматы прокуратурасы азаматтарды заңсыз тіркеу дерегін анықтады. Қала тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 990 адамды тіркеген, деп хабарлайды «24KZ».
Қалалық прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесінің адамдарды ақылы түрде тіркеп келгені анықталған.
«Тексеру нәтижесінде пәтер иесінің бір бөлмелі пәтерге нақты тұрмайтын 990 азаматты сыйақы үшін тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны белгілі болды», – деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабы ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз