Жетісу облысында Green start up экоакциясы өтті

Жетісу облысында Green start up экоакциясы өтті

Талдықорғандық жастар «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық акция ұйымдастырды.

20-дан астам оқушы мен студент Арбатта интерактивті арт-перформанс өткізіп, Жетісу өңірінің табиғатын бейнелейтін суреттерді бояды. Сондай-ақ «Қалдық тапсыр - жеміс ал» атты экобастама іске қосылып, тұрғындарды қоқысты сұрыптап өткізуге ынталандырды.

Анастасия Ершова, оқушы:

- Бұл табиғат үшін сәл де болса таза әрі жақсы етуге мүмкіндік. Егер әркім қоқыс тастамай, өзінен кейін жинап жүрсе, қоршаған орта зардап шекпейді.

Әділет Әлмекеев, шараны ұйымдастырушы:

- Біздің қатысып жатқан жасөспірімдеріміз баннерге суреттерін салып жатыр. Ол табиғатқа көзқарастары қандай өздерінің қиялындағы суреттерін салып Қазақстан экологиясы аясында суреттерін салып жатыр.