Тараздық полицей қызмет пен шығармашылықты қатар алып жүр
Тараздық полиция қызметкері қызмет пен шығармашылықты қатар алып жүр.
Аманжол Рысбеков осы уақытқа дейін 10-ға жуық ән жазды. Өнерге қызығушылығы бала кезден басталғандықтан алғашында эстрадалық вокал мамандығын меңгерген. Кейін ішкі істер органдарындағы қызметке келген. Полиция капитаны тоғыз жылдан бері өз міндетін абыроймен атқарып, департаменттің мәдени шараларына белсенді қатысып келеді. Бос уақытында өлең жазып, ән шығарады. Оның шығармалары көбіне отбасы, достық және туған жерге деген сүйіспеншілік тақырыптарына арналған.
Аманжол Рысбеков, ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының аға инспекторы:
- Он шақты әнім бар. Оның ішінде негізі көбісі орындаушысын білмейді. «Аруым, сен неге мұңайдың?» деген ән бар, ютубта 35 млн-ға жуық қаралым жинады. Әнді көп жастар тыңдағанымен, орындаушысын білмейді. Қазір көбісі полиция қызметкері болғанымен көп жерде мен өзім сахналарда орындаймын. Ішкі-істер форумында орындағаннан кейін көбісі қазір таңқала қарайды.