Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Алматы облысының Нұра ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды. Нысан 10 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді.
Онда диспетчерлік пункт, оқу кабинеттері, спорт аймағы мен құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілік етуіне арналған демалыс бөлмелері бар. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жаңа бөлімге өрт сөндіру-құтқару техникаларын табыс етті. Ол діттеген жерге санаулы минуттарда жетіп, қызыл жалынды жедел ауыздықтауға мүмкіндік береді.
Жанар Иманқұлова, Нұра ауылының тұрғыны:
- Мен келгенде мына жерге қайдан үй салдым деп қорқып едім. Қазір керемет, ауыл үлкейіп жатыр. Бұрын 112-ге хабарласып, мына ГРЭС-тен, Талғардан келеді деп күтетінбіз. Енді, міне, ауылымыздың ішінде ашылып жатқанына өте қуаныштымыз.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Талғар қаласынан және Іле ауданынан келетін бұрын қандайда бір төтенше жағдайлар болса. Біз үшін, халық үшін көптеген қиыншылықтар болды. Енді бүгіннен бастап жауынгерлік кезекшілік басталады. Нұра ауылы және қасындағы тағы да маңайдағы барлық ауылдар енді біздің штаттық өрт сөндіру ДЕПО-сының қорғауында болады.