Ақтауда суға кеткен адам іздестіріліп жатыр
Ақтауда теңізге батып кеткен ер адам үшінші тәулік іздестіріліп жатыр. Оның қаладан 56 шақырым жерде жабдықталмаған жағалауда шомылғаны белгілі болды.
Ауа райының құбылуына қарамастан, суасты дронмен іздеу операциясы бір сәтке тоқтаған жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлеріне көмекке сүңгуірлер мен еріктілер де жұмылдырылды.
Жалпы биыл Маңғыстау облысында шомылу маусымы басталғалы 4 адам суға ағып кетті. 9 адамды құтқарушылар аман алып қалды.
Нұрлыбек Айжарықов, ТЖД бастығының орынбасары:
- Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары нәтижесіз. Кедергі болып тұрған ауа райының қолайсыздығы да бар. Қатты толқын көтеріледі теңізде. Сол кезде жұмыстар кішкене қиындап кетеді. Ол туыстарымен болған сол жерде, ешқандай қауіпсіздік мәселелері қаралмаған. Ол жерде құтқарушылар жоқ. Сол себепті оны біз жабдықталмаған жер деп атаймыз.