Елде психологтар реестрі түзіледі

Тізілімге енбеген маманға өзін психолог ретінде танытып, азаматтарға қызмет көрсетуге тыйым салынады. 

«Психологиялық қызмет туралы» заң талабы осындай. Жан танушы маман тек ғылымға негізделген әдістемені қолдануға міндетті. Тиісті заңда супервизия институтын құру жайы да қаралды. Ол қызметтің сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ психологқа медициналық қызмет көрсетіп, дәрі-дәрмек тағайындауға болмайды.