Шетелдік радиоактивті қалдықтарды елге әкелуге тыйым салынды

Шетелдік радиоактивті қалдықтарды елге әкелуге тыйым салынды. Аталған заң бүгін жоғары палата отырысында мақұлданды. 

Маңызды құжатта атом саласын дамыту барысында адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын қорғайтын сенімді құқықтық кепілдіктер қалыптастырылған. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор институты енгізіліп отыр. Заң нормаларында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреті бекітілген. Радиоактивті қалдықтардың түзілуін, олардың жинақталуын, сақталуын, қайта өңделуін, тасымалдануы мен көмілуін қадағалау көзделген. Мұнымен қоса, мемлекеттік есепке алу және бақылау белгіленді.