Жамбыл облысында мектепті күрделі жөндеу кезіндегі заң бұзушылық анықталды
Жамбыл облысында мектепті күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды.
Бас прокуратура мәліметінше, Тұрар Рысқұлов ауданының қадағалау органы бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізген. Тексеру барысында Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепке жүргізілген күрделі жөндеу кезінде мердігер ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 78 миллион теңгеден астам қаражат төленгені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған қаражат толық көлемде бюджетке қайтарылды. Аудандық білім бөлімі, мердігер ұйым, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асырған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1,4 миллион теңге айыппұл салынды.