Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға кетті
Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға кетті. Олардың екеуі бала. Қазір су бойында қауіпсіздік шарасы күшейтілді.
Жағадағы судан бөлек, қайыққа дейін тексеріліп жатыр. "Қауіпсіз демалыс" акциясы кезінде екі адамның су көлігінде мас күйінде отырғаны анықталды. Мамандардың айтуынша, жағажайларда демалушылар сақтық шараларын ескермейді. Тыйым салынған жерлерге шомылады. Бүгінге дейін өңірде екі жүзге жуық іс-шара ұйымдастырылып, жүзден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал қайыққа мас күйінде отырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Тілекжан Галямов, облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
- Шағын көлемді су көлігін басқару үшін арнайы жүргізуші куәлігі болуы міндетті. Сондай-ақ кеменің техникалық төлқұжаты, яғни кеме билеті болуы қажет. Барлық құжат заң талаптарына сай рәсімделуі тиіс. Бұдан бөлек су көлігінде борттық нөмірі мен қозғалтқышының қуаты көрсетілуі керек. Бұл мәліметтердің барлығы ресми құжаттардағы ақпаратпен толық сәйкес келуі қажет.