6 млрд теңге жымқырды: Іздеуде жүрген күдікті әйел Түркияда ұсталды
2021 жылдан бері іздеуде жүрген әйел Түркиядан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Ішкі істер министрлігі түркиялық әріптестерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында 2021 жылдан бері іздеуде жүрген 46 жастағы Қазақстан азаматын Анталия қаласында ұстады.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге әрекет етіп, сенімге кіру арқылы еліміздің 1300-ден астам азаматының 6 миллиард теңге қаражатын иемденген.
26 маусым күні іздеуде жүрген әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды.
Жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасаған 117 қылмыскерді ұстады. Олардың келтірген жалпы материалдық шығыны 17 миллиард теңгеден асады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз