Жаңа Конституция – ұзақмерзімді даму кепілі
Алматы облысындағы зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері жаңа Конституцияның заңды күшіне енуіне қолдау білдірді.
«Бұл жай ғана жаңа құқықтық құжаттың қабылдануы емес. Бұл мемлекетіміздің даму философиясының жаңаруы, қоғам мен билік арасындағы келісімнің жаңа деңгейге көтерілуі», – деді облыстық әкімдікте, өткен жиынға қатысқан қатысушылар.
Жаңа Конституция – кездейсоқ қабылданған құжат емес. Ол кәсіби мамандардың, қоғам өкілдерінің қатысуымен жан-жақты сараланған күрделі құжат. Жаңа Ата Заңды мемлекеттің ұзақмерзімді дамуына арналған құқықтық архитектураға балауға болады.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты – заң үстемдігіне мүмкіндік беру. Теңдігіне биліктің, халық алдындағы жауапкершілігіне және азаматтардың құқықтарын бұлжытпай сақтауға негізделген.
Бүгін күшіне енген Конституцияның басты құндылығы – оның адамға бағытталуында. Онда азаматтың құқығы мен бостандығы, заңның үстемдігі, мемлекеттік институттардың жауапкершілігі, әділ сот, тиімді мемлекеттік басқару және қоғамның тұрақты дамуы басты басымдық ретінде айқындалған.
Алина Кан, қоғам белсендісі:
- Енді жастар болып референдумға қатыстық, өз даусымызды бердік. Жалпы Конституция бұл жай ғана құжат емес, бұл біздің елімізге деген көзқарасымыз, жауапкершілігіміз.
Жанұзақ Мүсәпір, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- Еліміздің өркендеуіне, өсуіне, нағыз бүгінгі күннің талабына дәл жазылған Конституцияның үлгісі деп алуымызға болады. Бүкіл қазақ еліндегі даму деңгейінің биіктеуіне бұл Конституцияның қосар үлесі өте зор.
Конституцияның күші мәтінінде емес, оның жүзеге асуында. Егер әрбір азамат заңды құрметтеп, әрбір мемлекеттік қызметші берген антына адал болса, онда бұл құжат еліміздің өркендеуінің нақты тетігіне айналары сөзсіз.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аманжол Жөңкешов