Жаңа Ата заңның күшіне енуі талқыланды
Бүгін «Әділет» партиясында жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған партия активінің кездесуі өтті.
Оған партияның Саяси бюросы мен Саяси кеңесінің мүшелері, сондай-ақ елдің барлық 20 өңірінің өкілдері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты. Онда мемлекеттік басқаруда конституциялық қағидаттарды іске асыру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, адами капиталды дамыту, цифрландыру және қоғамның қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады. Осы жұмыстың практикалық жалғасы ретінде «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» атты қоғамдық-саяси іс-шаралар циклі басталды. Алдағы уақытта партия өкілдері еліміздің барлық өңірінде азаматтармен және сарапшылар қауымдастығымен кездесу өткізіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен олардың практикалық маңызын түсіндіреді.