Жаңа Конституция - қоғамдық-саяси даму тетігі
Жаңа Конституция Қазақстанның қоғамдық-саяси және құқықтық негіздерін реттейді.
Петропавлда жаңадан күшіне енген саяси құжаттың басым бағыттары талқыланды. Жиынға ардагерлер, қоғам қайраткерлері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек адамдары мен жастар қатысты. Олардың айтуынша, Конституция елдің дамуына серпін беріп, азаматтық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Шара барысында бірқатар адамға жаңа Конституцияның басылымдары табысталды.
БЛИЦ
- Жаңадан қабылданған Ата Заңымыз - біздің болашағамызға, біз ойлап жүрген Жаңа Қазақстанға, әділетті Қазақстанға тек қана қолдау емес, соның тетігі болады деп ойлаймыз. Өйткені Конституцияда біздің көңілімізде, көкейімізде жүрген құндылықтар кірді. Құндылықтар есебіне білімнің кіргені, ғылымның кіргені, мәдениеттің кіргені өте қуанышты.
- Жаңа Конституцияның ең басты тұғыры - ол білім, менің ойымша. Себебі жастар үшін ең маңыздысы - білім алу. Және кеше ғана Мемлекет басшысы Ұлттық рәміздер күнінде бүкіл прогрессивті күштерді бірігуге шақырды. Ал бұл санатта жастар да бейқам қалмау керек.
- Ең бірінші маған ұнаған тармағы - ол жеке деректердің қауіпсіздігі. Адамдар үшін өте маңызды. Яғни қауіпсіздік, киберқауіпсіздік деген сияқты тармақтардың қарастырылуы және де сөз еркіндігі, яғни көптеген жаңадан үлкен өзгерістер енгізілген.