Астанаға ₸588 млрд инвестиция тартылды

Жыл басынан бері Астанаға 588 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға көп.

Түскен қаржы қала экономикасын нығайтуға, дәлірек айтсақ, білім беру, денсаулық сақтау, логистика және өнеркәсіп секілді салаларды дамытуға бағытталды. Соңғы жылдары елордада 44 мектеп салынды. Жаңа оқу жылына дейін тағы 12 білім ордасын пайдалануға беру жоспарланған. Ал 2028 жылға дейін екі перинаталдық орталық, көпсалалы аурухана және диагностикалық кешен бой көтереді. Бұдан бөлек, абаттандыру жұмыстары да қарқын алады. Биыл қалада 170 аула мен қоғамдық орын жаңартылып, 1 миллионнан астам ағаш егіледі.

Білім беру

12 мектеп

2 оқушылар сарайы

6 балабақша

Денсаулық сақтау

2 перинаталды орталық

1 көпсалалы аурухана

1 диагностикалық кешен

Абаттандыру

170 аула мен қоғамдық орын

1,1 млн ағаш егу