Ақтауда борышкерлерден 129 млн теңге өндірілді 

Ақтауда жыл басынан бері борышкерлерден 130 миллионға жуық теңге өндірілді. Соның 82 миллион теңгесі – алимент бойынша қарыз. 

Құзырлы орган балалардың пайдасына берешекті өндіріп алу үшін бір пәтер, екі жер учаскесі және екі автокөлікті тәркіледі. Кейін бұл мүліктер аукционға сатылымға шығарылады. 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 15 тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қанафия Есенжан, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

- Ақтау қаласы бойынша 200-ден астам борышкер алимент бойынша қасақана борышын өтемеуде. Бұл жалпы айтқанда алимент бойынша борышын өтемеген жағдайда қатаң заңмен жазаланатын болады. Яғни шетелге шығуға тыйым салу және де банктік шоттарына шектеу қою бойынша шаралар қабылданып жатыр.