Миллиардтар қайда кетті? Бір айда жемқорлық бойынша 125 факт тіркелді
Бір айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 125 құқық бұзушылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, бұл көрсеткіш маусым айының қорытындысы бойынша анықталған.
Ведомство мәліметінше, фактілердің басым бөлігі парақорлыққа қатысты. Оның ішінде 97 дерек пара алу және беру фактілеріне, 9-ы алаяқтыққа, 8-і лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға, 7-еуі жымқыруға, 3-еуі қызметтік жалғандық жасауға, 1-еуі билікті асыра пайдалануға байланысты.
Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылды.
Сонымен қатар 149 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданды.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал көлемі 4,7 млрд теңгені құрады. Мемлекет бюджетіне 2,1 млрд теңге қайтарылды. Сондай-ақ құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз