Инвестиция үшін күрес тәсілі өзгерді

Енді цифрландыруды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу үрдістері үлгі ретінде танылады. 

Елдердің бәсекеге қабілеті де сол қырынан екшеледі. Сондықтан Президент Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру міндетін жүктеді. Осы мақсатта заңдық негіз, арнайы штабтар жұмыс істейді. Инвестициялық кеңесте қатысқан халықаралық бизнес-қоғамдастық атынан Baker McKenzie серіктесі, AmCham Цифрландыру комитеті, Apple компаниясы мен Siemens Kazakhstan және Honeywell компанияларының өкілдері төбе көрсетті. Ұсыныстарын айтты. Олар цифрлық кодексті іс жүзінде жүзеге асыру, онлайн-платформаларды реттеу жайлы пікір білдірді. Жария «бұлтты» шешімдерін қабылдау, дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану сияқты тақырыптарды талқылады.