«Болашақ ойындары – 2026» турниріне дайындық тексерілді
29 шілдеде елордада «Болашақ ойындары-2026» халықаралық фиджитал-турнирі басталады.
Премьер-министр Олжас Бектенов дәстүрлі спорт пен цифрлық сайыстарды біріктіретін додаға дайындық барысымен танысты. Жарыс Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасының 35 елінен мыңға жуық спортшының басын қосады. Салтанатты ашылу рәсіміне шет мемлекеттер мен халықаралық спорт ұйымдарының басшылары, цифрлық индустрия көшбасшылары қатысатынын растады. «Болашақ ойындары» 4 алаңда өтеді, олар: «Барыс Арена», «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешені, жекпе-жек сарайы және ұлттық теннис орталығы. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 млн доллардан асады. Қазақстан атынан 11 команда өнер көрсетеді. Тамашалауға 10 мың шетелдік турист келеді.