Астанадағы қоқыс полигонындағы өрт толық сөндірілді

Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толық сөндірілді.

Қызыл жалын 3 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілді. Тілсіз жауды құрықтауға 120-ға жуық жеке құрам қызметкері мен 150 техника жұмылдырылды. Жалынның қайта тұтануына жол бермеу үшін полигон аумағына 15 мың тонна инертті материал жеткізілді.