Түркістан облысындағы 362 нысан айыппұл арқалады
Түркістан облысындағы 360-тан астам мектеп, аурухана және спорт нысанында экологиялық заңнама талаптары бұзылған.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген тексеру кезінде осы мекемелерде экологиялық рұқсат құжаттарының рәсімделмегені немесе олардың мерзімі уақытылы ұзартылмағаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша заң талаптарын бұзған ұйымдарға әкімшілік айыппұл салынды.
Айдос Жорабек, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:
- Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылып, жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қазіргі уақытта мекемелерде объектілердің экологиялық санаттарын айқындау және қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.