Атқарушылық іс жүргізудің жаңа тәртібі қолданысқа енгізілді

Елімізде атқарушылық іс жүргізу тәртібі жаңартылды. Бұл азаматтардың құқығын қорғауды күшейтіп, жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын талаптарды арттырады.  

Енді айыппұлдар мен салық берешегін жеңілдетілген тәртіппен өндіру шегі 40 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар борышкерді тұрғын үйден шығару туралы кемінде 10 күн бұрын ескерту міндеттелді. Бұған қоса, жеке сот орындаушылары міндетті аттестациядан өтеді. Қазір атқарушылық іс жүргізудің негізгі кезеңдері цифрлық жүйе арқылы жүзеге асырылады.  Енді өндірістің барысын мобильді қосымша арқылы бақылап, өтініштерді онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Бұл өзгерістер сот шешімдерінің орындалуын жеделдетіп, қызметтің ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

Азамат Бердібеков, ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы төрағасының орынбасары:

- Кез келген борышкер 20 АЕК мемлекет пайдасына атқару өндірісіне орындайтын болса, жеке сот орындаушылардың пайдасына 25 пайыз өндірілмейтін, осындай Әділет министрлігінің қабылданған шешімдері арқылы аз уақыттар арасында 4 млрд-қа жуық атқару өндірістері бойынша халықтардың ақшалары үнемдетілді.