Қазақ мәдениетіне шетелдіктердің қызығушылығы артып келеді
Қазақ мәдениетіне қызығушылық танытушы шетелдіктердің қатары күн санап артып келеді. Астана халықаралық университетінің жазғы мектебі соның бір дәлелі.
Қазақстанның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған мектеп 10-нан аса мемлекеттен келген 50-ге жуық өзге елдік студенттердің басын бір арнаға тоғыстырды. Әлемнің әр түкпірінен жиналған білім алушылар қысқа уақыт ішінде төл мәдениетімізбен, тұрмыс-салтымызбен танысып, тоғызқұмалақ, асық ату, артқан тарту сынды ұлттық ойындарымызды, тілімізді меңгеруге тырысты. Сондай-ақ шаһардың көрікті орындарын шарлап, Қазақстанның инговациялық мүмкіндіктеріне зер салды. Ал бүгін елшілердің қатысуымен өткен мектептің жабылу салтанатында студенттердің әрқайсысы төл өнерін тарту етіп, ұлттық құндылықтарын ортаға салды.
Есбол Есенбайұлы, Астана халықаралық университетінің проректоры:
- Шараға Германия, Қытай, Вьетнам, Индонезия, Генуя, Камбожда, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінен студенттер келеді. Олардың негізгі мақсаты шетелдік студенттерді қазақстандық студенттермен бірге ұлттық құндылықтар бағытында жұмыс істеу. Біздің университетте бұл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта шара өзінің жалғасын табады деген ойдамыз.