Алматы хайуанаттар бағында керқұлан құлындады

Фото: Алматы хайуанаттар бағы

Алматы хайуанаттар бағында сирек кездесетін керқұлан бие (Пржевальский жылқысы) құлындады, деп хабарлайды «24KZ».

Құлынға Желмая деген ат берілді. Бұл – Құрбанкүл биенің екінші төлі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, керқұлан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген жабайы жылқының ең сирек түрлерінің бірі.

Хайуанаттар бағында керқұланның көбеюі осы түрдің генетикалық әртүрлілігін сақтауға және тұрақты популяциясын қалыптастыруға бағытталған халықаралық табиғатты қорғау бағдарламаларының маңызды бөлігі саналады.

Қазір Құрбанкүл бие, оның құлыны Желмая және айғыр Мерей келушілер үшін жабық арнайы аумақта мамандардың бақылауында. Бие мен құлынның жағдайы жақсы. Мамандардың айтуынша, төл қалыпты өсіп-жетіліп келеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз.