Креативті индустрия қарқынды дамып келеді

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының рейтингінде өз көрсеткішін жақсартып, креативті тауарлар мен қызметтер бойынша 61-орынға, киноөндіріс саласында 29-орынға көтерілді.

Бүгінде елдің барлық өңірінде креативті хабтар жұмыс істейді. Бұл салада 156 мыңнан астам маман еңбек етеді. Сонымен қатар ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры жаңғыртылып жатыр. Алматыда мәдениет қайраткерлеріне 60 пәтер берілді. «Наурыз», «Отау» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары арқылы 14 мыңнан астам жас баспаналы болды. Мамандарды жұмыспен қамтуға «Jol Tap», «Jumys Tap» және «Talaptan» жобалары септігін тигізуде.