Алакөлдің әлеуеті артып келеді
Жетісудың інжу-маржаны – Алакөлге биыл 2 миллионнан астам турист келеді деп күтіліп отыр.
Бұл мақсатта демалушыларға 300-ден аса демалыс аймағы қызмет көрсетпек. Сондай-ақ өңірдің туристік әлеуетін арттыруда құны 6 жарым миллиард теңгені құрайтын тағы алты нысан жаңадан салынуда. Ал еліміздің өзге де су айдындарында демалушыларға қандай жағдай жасалған?
Биыл айдынды Алакөлген ағылған кісі қарасы қалың. Келушілердің демалысын жайлы ету үшін жергілікті атқамінерлер тазалықты күшейтіп, осы уақытқа дейін көптің сыныны іліккен олқылықтардың орнын толтыруға тырысқан. Жағалауға 700-ден аса қоқыс контейнері қойылып, қоғамдық дәретхана санын едәуір арттырған.
Тілес Тастанбеков, турист:
«Жылдан жылға туризм дамып келе жатыр. Мына Жарбұлақта жағада Арбат сияқты жасаған бар. Ал бізде ондай жоқ. Арбат сияқты салып, елдің көңіл күйін көтеретіндей аквапарк сияқты бірдемелерді дамытса күшті болар еді».
Татьяна Арзюкова, турист:
«Бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы. Бірақ қызмет көрсету деңгейі одан әрі жақсарса, тіпті керемет болар еді».
Нұрбол Байжанов, Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
«Қазір Жетісу облысындағы дәретхана жоқ деген бірнеше видео болды ғой? Шын мәнісінде алып қарайтын болсақ, ол жерде дәретхана бар. Жұмысын жасап тұр. Негізгі себеп олай айтудың ол дәретхана жағалаудан жоғары тұр. Сәл тысқары. Себебі жағалаудың өзінде дәретхана қою мүмкін емес. Біріншіден, санитарлық норма бар. Екіншіден, ол жағалау құм болғандықтан, ауыр машина келіп, тазарту жұмыстарын жүргізе алмайды».
Тұщы мен тұзды суды құшағына қатар сыйғызған Балқаш көлі де туристердің қызығушылығын туғызған теңдессіз көлдердің қатарында. Бүгінде мұнда 200-ге тарта қонақ үйі жұмыс істейді. Бөлме бағасы 3 мыңнан 30 мың теңгеге дейін барады.
Мағжан Мәжит, «Kazakh Tourism» ҰҚ маманы:
«Қонақ үй мәселесін шешу үшін мемлекет инвесторларға нақты экономикалық стимул беріп отыр. 2022 жылдан бастап нысанды пайдалануға берген соң оның құрылыс шығынының 10%-ын өтейді. Бұл құрал өз тиімділігін көрсетті — 3 жыл ішінде 64 нысан қолдау алып, 2025 жылдың соңында елдегі қонақ үйлер саны 4 482-ге жетті (бір жылда 179 нысанға немесе 4,2%-ға өсті).
Нұрбол Байжанов, туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
«Демалудың құнына келетін болсақ, жыл сайын бізде Балқаш, Алакөл бағыты бойынша Алматы, Астана қаласынан әуе рейстері субсидияланады. Ол субсидияланатын әуе рейстерінің бағасы өзгермеген.»++02:43 «Нақты бағасы 16 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін. Бұл Алакөл мен Балқашқа».
Отандық туризм саласына құйылған инвестициялық өсім 2024 жылмен салыстырғанда, 30 пайызға ұлғайған. Мәселен, биыл бірінші тоқсанның өзінде 200 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал саланы дамытуға бөлінген жалпы қаржы көлемі 1 жарым миллиард теңгеге жуықтаған.
Мағжан Мәжит, «Kazakh Tourism» ҰК маманы:
«2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 2,6 миллионнан астам шетелдік келді. Жалпы сан аздап төмендегенімен, алыс шетелден келетін туристер ағыны 21%-ға өсіп, 274 мыңнан 333 мың адамға жетті. Бізге басты ағын бұрынғыдай көршілерден келеді: Өзбекстаннан 899 мыңға жуық, Қырғызстаннан 688 мыңнан астам және Ресейден 493 мыңға жуық адам. Ал алыс шетелдер ішінде Қытай көш бастап тұр (207 мыңға жуық), сондай-ақ Үндістан, Түркия мен Германия».
Елге келуші туристтер сапын арттыру мақсатында тамыз айында жауапты министрлік Қазақ туризм ұлттық компаниясымен бірлесе Германия туроператорларымен меморандумға қол қойды. Бұған сәйкес, 70-ке жуық неміс туроператоры еліміздің бірнеше өңіріне барып, ақпараттық турларға қатыспақ. Сондай-ақ 200-ге жуық шетелдік танымал тревел блогерлардың қатысуымен Алматыда отандық туризм насихатын кеңейтуге сеп болатын ауқымды іс-шара өтеді.
Назым Кенжебай, Мерей Талап, Самат Қазанбаев, Шыңғыс Қалиден