Астанада 3 мыңнан астам адам қоқыс тастағаны үшін жауапқа тартылды
Астана қаласы Сарайшық ауданында алғашқы алты айда 3 мыңнан астам адам қоқыс тастағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сол секілді балық аулау, шомылу ережелерін бұзғандар да бар. Құзырлы органдар мен әкімдік өкілдері демалыс орындарын аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онда өрт қауіпсіздігін сақтау, айналаны ластамау, су айдындарында абай болу қағидаттары ескертілді.
Аманжол Қадірбеков, Астана қаласы Сарайшық ауданы ТЖБ инженері:
- Іс-шара уақытында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына ауа райының күрт көтерілуіне байланысты өрт қауіпсіздік ережерін сақтауды, су айдындарында ережелерді сақтауды және де балаларды қараусыз қалдырмау жайлы әртүрлі ескертпелер тараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.
Шұғыла Құдайберген, Астана қаласы Сарайшық ауданы әкімінің орынбасары:
- Заң және тәртіп эгидасы аясында және жалпы экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоғамдық орындарда профилактикалық рейдтар өтуде. Бұл рейдтердің басты мақсаты не, қоғамдық орындарда қоқысты тастамау, шомылуға болмайтын жерлерде шомылуға тыйым салу, балық аулауға болмайтын жерлерді балық аулауды, сонымен қатар заңсыз сауда орындарын шектеу.