Теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады

Қара теңіз акваториясында Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы кемелерге ұшқызсыз ұшу апппараттары шабуыл жасады.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Құрылғыларға да зақым келмеді, мұнай теңізге төгілмеді. Оқыс оқиғаға қатысты Энергетика министрлігінің мамандары ресми мәлімдеме жасады. Онда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдарды жол беруге болмайтын әрекет деп санаған. Мәселеге Сыртқы істер министрлігі де үн қосып, қатаң айыптады. «Қазақстан шабуылдарды дереу тоқтатуды және қазақстандық көмірсутек шикізаты экспорты инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты шаралар қабылдауды талап етеді», - деді ведомства өкілдері.