Павлодарда бұршақ жауды: зардап шеккендер бар
Павлодар облысында қатты жел мен бұршақ аралас жаңбыр жауды, деп хабарлайды «24KZ».
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 33 жастағы ер адамға дауыл кезінде бұтақ құлап, басынан жарақат алды.
Ал Құдайкөл ауылында бұршақтан бес адам зардап шеккен.
Медициналық көмектен кейін олар амбулаториялық емге жіберілді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз