Абай облысы Жарма ауданында дала өрті тіркелді

Алдын ала мәлімет бойынша, қызыл жалын бірнеше шаруа қожалығы жеріне тараған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан 10 адам және 2 техника тартылды. Қазіргі уақытта өрттің нақты аумағы анықталып жатыр.