Қазақстанды жаңа рекордтық аптап ыстық күтіп тұр: Күн райы қай өңірлерде құбылады?
Жақында ғана аптап ыстықты бастан кешірген Қазақстан аумағында ауа райы қайтадан күрт құбылады, деп хабарлайды «24KZ».
Синоптиктердің болжамынша, 23, 24 және 25 шілде күндері елдің басым бөлігіне солтүстік-батыстан соққан циклон әсер етеді. Бұл аймақтарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, ал кей жерлерде толассыз нөсер жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар салқын ауа массаларының келуіне байланысты өңірлердің көбінде температура біршама төмендейді.
Ал еліміздің батыс облыстарында жағдай мүлде керісінше болады. Иран тарапынан келетін ыстық әрі құрғақ ауа ағындарының салдарынан жауын-шашын тоқтап, күн қайтадан қатты ысиды. Түндік пен күндіз термометр бағаны +34…+39 градусқа дейін көтерілсе, кейбір аудандарда +40…+44 градусқа дейінгі рекордтық аптап сақталады.
Еске салсақ, шілде айының ортасында елде соңғы жылдардағы ең ыстық күндер тіркелген еді. Мәселен, 14 шілдеде Астанада ауа температурасы +38,6 градусқа жетіп, жаңа рекорд орнатса, Алматыда 16 - 18 шілде аралығында күн +40 градусқа дейін ысып, бірнеше онжылдық бұрынғы рекорды жаңартқан болатын.