Павлодар облысында құрылтай сайлауы 522 учаскеде өтеді

Павлодар облысында құрылтай депутаттарына дауыс беру 522 сайлау учаскесінде өтеді. Сайлауды ұйымдастыруға 536 сайлау комиссиясы жұмылдырылады.

Олар өз жұмысына 3 тамызда кіріседі. Жалпы комиссиялардың құрамында 3 мың 448 адам жұмыс істейді. Қазір сайлау комиссияларының мүшелері арнайы оқудан өтіп жатыр. Олар сайлау өткізу тәртібін тәжірибе жүзінде меңгеріп, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйренеді. Әр оқу сабағының соңында қатысушылар QR-код арқылы онлайн тест тапсырып, білімдерін тексереді.

Гүлнәр Аманжолова, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

-  Қалалар мен аудандардың барлық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту толық аяқталды. Бұл шамамен – 98 адам. 3 тамызда учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысына кіріскеннен кейін, қалған учаскелік комиссия мүшесінің барлығы да оқытумен қамтылады.