Халықаралық цирк фестивалі басталды
Алматыға 20-ға жуық елден әлемге әйгілі акробаттар келді. Цирк майталмандары халықаралық фестивальде өнер көрсетеді.
Мәдени шара бес күнге созылады. Олар акробатика, әуе гимнастикасы, клоунада және өзге де ерекше жанрлар бойынша сынға түседі. Қатысушылар қатарында өнер шебері – Андрей Жигалов бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба Алматының халықаралық мәдени және туристік орталық ретінде беделін арттырады. Сонымен қатар шараға әйгілі «du Soleil» ұжымының өкілдері қатысады.
Мақсат Жайықов, қазақ мемлекеттік циркінің директоры:
- Бұл фестиваль әртістерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Мұны мәдени туризмнің бір бағыты деп айтуға болады. Бұл – Орталық Азиядағы бірегей ірі жоба, бірегей фестиваль. Біздің мақсатымыз – Орталық Азияда цирк хабын қалыптастыру.