Құрылтай сайлауы – Президент реформасының шешуші кезеңі 

Құрылтай сайлауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан институционалды реформалардың шешуші кезеңі болмақ. 

Халықаралық сапаршы, профессор Рикардо Руис Де Ла Серна осылай дейді. Оның пайымынша, өзгеріс заң шығарушы орган құрамының жаңаруымен шектелмейді. Сонымен қатар заң қабылдау үдерісін жеңілдетуге, әкімшілік рәсімдерді қысқартуға және саладағы жауапкершілікті айқындауға бағытталған бір палаталы жүйеге көшуді көздейді. Құрылтайға ұлттық заңнаманы қабылдау, қоғамдық маңызы ерекше мәселелерді қарау және мемлекеттің негізгі даму бағыттарын айқындау міндеті де жүктелмек.

Рикардо Руис Де Ла Серна, Сан-Пабло Ceu университетінің профессоры:

- Құрылтай депутаттары партиялық тізімдер негізіндегі пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланады. Бұл модель саяси партиялардың рөлін күшейтіп, сайлау бәсекесінің тартысты өтуіне ықпал етеді. Азаматтар экономиканы жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік саясат және өңірлерді дамыту бойынша түрлі ұсыныстарды саралай алады.