Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылында вокзал пайдалануға берілді
Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылында теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Кешен құрылысы мен оған іргелес аумақты абаттандыру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қысқа мерзімде аяқталды.
Жоба аясында вокзал ғимаратының аумағы бес есе ұлғайды. Жаңғырту барысында Шетпе вокзалының инженерлік желілері қайта жабдықталып, 2 мың шаршы метрден асатын жолаушылар перроны салынды. Жалпы елде теміржол инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында 125 вокзал жаңғыртылып жатыр. Бұл тізімде Маңғыстау және Бейнеу вокзалы да бар.
Бақытжамал Уәлитханова, Шетпе ауылының тұрғыны:
- 966 жылы салынған вокзал. Сол алпыс жылдан бері біз ескі вокзалда жұмыс жасадық. Жақсы вокзал салып, ауданымызды көркейтіп, елімізді қуантып жатқан мына басшыларға көп рахмет айтамыз. Сау болсын.
Асқар Аққұлов, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары:
- Аудан орталығының теміржол вокзалынан 8 кесте бойынша өтетін поездарға, жолаушыларға қызмет етуге бұл ғимарат үлкен әсерін тигізеді. Жаңа ғимаратта жолаушыларға қызмет көрсету жоғары деңгейде ұйымдастырылатынына біздің күмәніміз жоқ. Керемет әсем ғимарат.