Қазақстанда битум өндірісінің көлемі артты
Қазақстанда битум өндірісінің көлемі артты. Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектеновке битум зауытының жұмыс барысы таныстырылды.
Мұнда мұнаймен қатар битум өндіріледі. Аталған кен орнындағы мұнай құрамындағы битумдық фракциялардың үлесі 50%-ға дейін жетеді. Зауытта биылдың өзінде 106 мың тонна битум өндірілді. Сондай-ақ кәсіпорында ауа сапасын тәулік бойы бақылау, тазартылған суды қайта пайдалану және энергия тиімділігін арттыру сынды экологиялық шешімдер іске асырылып жатыр. Үкімет басшысы өндірілетін битумның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырды.