Павлодар облысында қызылша жұқтырғандар саны артты
Павлодар облысында жыл басынан бері 398 адам қызылша жұқтырды. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда төрт есе көп. Ауруға шалдыққандардың дені - 14 жасқа дейінгі балалар.
Қызылшаның өршуіне тұрғындардың вакцинадан бас тартуы себеп, - дейді мамандар. Облыста профилактикалық екпені екі мыңнан аса адам алмаған. Дәрігерлер ата-аналарды балаларын уақытында вакциналауға шақырады. Себебі екпе - қызылша және басқа да қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы, - дейді.
Зәмзәгүл Досжанова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Профилактикалық шаралардың нәтижесінде маусым айында қызылша ауруының көрсеткіші 36 пайызға төмендеді. Екпеден бас тартқан ата-аналармен жүргізілген жеке түсіндіру жұмыстары да тиімділігін көрсетті. Былтыр 639 балаға вакцина салынса, биыл 244 бала екпе алды.