No Comment: құрғақшылыққа қарсы акция

Будапешт орталығында ерекше акция өтті. Мажарстан астанасының көшелерінде балпаң-балпаң басып, 2 түйе жүр. 

Климат белсенділері осылайша жұртшылық назарын елді жайлаған құрғақшылық мәселесіне аударғысы келген. Экологтардың зерттеуінше, Венгрияда аптап ыстық салдарынан су қоймалары тартылып, топырақ құнарынан айырылып жатыр. Кейінгі бес жылда жауын-шашын жылдық қалыпты мөлшерде түспеген. Түйелердің қала кезген көрінісін бірге тамашалайық.