Зорлықпен өлтірілген: Қостанай облысында пәтерден ер адамның денесі табылды
Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлтірілген ер адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен 56 жастағы ер адамның денесі табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз