Құрылтай сайлауы: Астанада кері санақ іске қосылды

Фото: gov.kz

23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ елорданың бірқатар нысанында іске қосылды, деп хабарлайды «24KZ».

Қала әкімдігінің мәліметінше, кері санақ көрсеткіші шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылған.

«Таблода нақты уақыт режимінде сайлауға дейін қалған күн саны көрсетіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы маңызды саяси науқан туралы еске салып тұрады», делінген хабарламада.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз