Астанада бір күнде айлық норманың үштен бірі жауды
Астанада кеше небәрі 22 минут ішінде 11,4 мм жауын-шашын түсті, деп хабарлайды «24KZ».
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жалпы 23 шілдеде жауған жауын-шашын көлемі 18,2 мм-ге жетіп, бұл айлық норманың шамамен үштен бірін құрады.
Қала коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін, 22 шілдеде Астанада 20,8 мм жауын-шашын жауған болатын. Осылайша, екі күн ішінде елордада жалпы 39 мм жауын-шашын жауып, бұл айлық норманың шамамен 70%-ына жетті.
Қатты жауын-шашын салдарынан қаланың жекелеген аумақтарында су жиналды. Қолайсыз ауа райының салдары жедел түрде жойылды.
Сонымен қатар коммуналдық қызметтер коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдайтын құдықтарды тазалау, құбырларды бумен өңдеу, нөсер кәрізі жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу және т.б. жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз