Электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді
Электр стансаларын жөндеуге нысан иелері 384 млрд теңге бөлді. Бұл былтырғыдан 9%-ға көп.
Бүгінде 5 жылу энергетикалық нысаны сапасы жағынан «қызыл» аймақта тұр. Олар Семей, Орал, Тараз, Ақтау және Теміртау қалаларында орналасқан. Биыл бас-аяғы 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.