Прокурорлар үш мыңнан астам инвестжобаға құқықтық көмек көрсетті
Елде 3 мыңнан астам инвестициялық жобаға прокурорлар құқықтық көмек көрсетті.
Мұндай мемлекеттік мезірет сыртқы салымшылардың мүддесін қорғап, әкімшілік кедергілерсіз кәсібін дөңгелетуіне қолдау көрсетуге бағытталған. Қажетті инфрақұрылыммен уақытылы қамтамасыз етуге және олардың іске асырылуын жеделдетуге мүмкіндік берді. Тек Ақмола облысының өзінде жалпы құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 182 жоба, ал Астана қаласында жалпы құны 2,7 трлн теңге болатын 380 жоба құқық қызметкерлерінің бақылауымен жүріп жатыр. Бұл жайлы Бас прокуратураның комитет төрағасы Бауыржан Ералы мәлімдеді.
Бауыржан Ералы, ҚР Бас Прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:
- Біздің басты мақсатымыз инвесторларымыздың инвестжобаларын қарап, олармен тікелей диалог орнату. Сол диалог арқылы қандайда бір сұрақтары болған жағдайда біз олардың барлықтарына жауап беруге дайын екенімізді көрсету және олардың инвестжобалары міндетті түрде әр жеке прокурормен сүйемелдеп жатқанын жеткізу.